Шымкентте арнаулы қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты бой көтеруде

Шымкент қаласындағы «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» аумағында 50 орынға арналған қосымша ғимарат құрылысы былтыр маусым айында басталған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары 55 пайызға аяқталды.
2 қабатты нысанда жатын орын мен арнайы жабдықталған кабинеттер саны артып, 18 жастан асқан психонервологиялық ауытқуы бар адамдарға көрсетілетін қызмет көрсету сапасы жақсарады.
Құрылысты биыл қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.