Алты баланы аман алып қалған ана

0
30

Шымкент қаласының тұрғыны Марина Гафарованың ерлігі ел аузында. Оқиғаны нақтырақ айтар болсақ оқиға 16 желтоқсанға қараған түні Қайнарбұлақ саяжайы, Ореховая көшесі №58 мекен жайында орналасқан тұрғын үйден шыққан қызыл жалынды байқап, өз өміріне қауіп төніп тұрса да, терезені сындырып, сол үйдегі балаларды қою түтіннің арасынан аман алып шыққан. Осылайша, Маринаның көзсіз ерлігінің арқасында кәмелет жасына толмаған алты бала өрттен аман қалды. Ал Маринаның қаһармандығына ел тәнті болған еді.
Марина Гафарованың өзі де көп балалы ана болатын. Халқымызда ана туралы аңыз да, қанатты сөздер де, болған оқиғалар да, түрлі әңгімелер де жетерлік. Адамзат баласын жарық дүниеге әкелген алтын құрсақты аналар туралы асыл сөз, ізгі ниет, марапат ешқашан көптік етпейді. Ал Маринадай аналардың ерлікке бергісіз ерекше ғұмырын елге таныту, өнегесін тарату ортақ міндетіміз болса керек.
Еске салсақ, көпбалалы ана М.Гафарованың бұл еңбегі ескеріліп, ерлігі мен батылдығы үшін демеушілердің көмегімен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Leave a reply