Тіл туралы заң талаптары қатаң сақталу керек

0
12
Шымкент қаласында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде және кәсіпкерлік нысандарда орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халыққа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізіліп келеді.
Осыған орай, Шымкент қаласының көшелеріндегі маңдайшалар мен сыртқы жарнамалардың тілдер туралы заңнама талаптарына сәйкес жазылуына қол жеткізу үшін бірнеше жылдан бері арнайы іс-шаралар жоспар әзірлеп, заң талаптарына сай келмейтін маңдайшалар мен жарнамалар ілген ғимарат иелерімен жеке–жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мысалға алатын болсақ, 2025 жылғы қаңтар, ақпан айларында Шымкент қаласы көшелеріндегі орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен зерделеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында анықталған 16180 кәсіпкерлік нысанның 2380 нысан иесіне Тіл туралы заң талаптарын бұзғаны үшін кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар берілді. Ауданда бойынша да орын алған кемшіліктерді жою тапсырылды.
Нақтырақ айтар болсақ, Абай ауданы бойынша, жалпы 1276 көшені аралау барысында 3897 кәсіпкерлік нысан зерделеніп, 610 нысан иесіне, Әл-Фараби ауданы бойынша, 347 көшені аралау барысында 5405 кәсіпкерлік нысан зерделеніп, 806 нысан иесіне, Еңбекші ауданы бойынша, жалпы 554 көшені аралау барысында 2243 кәсіпкерлік нысан зерделеніп, 314 нысан иесіне, Қаратау ауданы бойынша, 673 көшені аралау барысында 1535 кәсіпкерлік нысан зерделеніп, 349 нысан иесіне, ал Тұран ауданы бойынша, 695 көше аралау барысында 3100 кәсіпкерлік нысан зерделеніп, 301 нысан иесіне Тіл туралы заң талаптарын бұзып тұрғаны үшін кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар берілді.
Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар атқарылатын болады. Бұл жарнамалар мен көрнекі ақпараттардың сапасы мен сауаттылығы жақсартуға мүмкіндік беретін болады.

Leave a reply