Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

✔️Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.
✔️Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.
✔️Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды.
✔️Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.










