
Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары бірлесе отырып, әкімшілік істер қозғап, тиісті шаралар қабылдады. Атап айтқанда, ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, қала прокуратурасы 11 білім беру ұйымын тексеріп, 20 әкімшілік хаттама толтырды. Бұл ретте 10 әкімшілік іс бойынша 276,9 мың теңге айыппұл салынып, 10 ескерту берілді.
Қаратау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына санитарлық тазалық ережелерін сақтамағаны үшін 27,7 мың теңге айыппұл салынды. Сол сияқты, Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен «Әл-Фараби» коммуналдық мекемесінің лауазымды тұлғаларына 55,4 мың теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, жер қойнауын заңсыз пайдаланған 5 жеке тұлғаға жалпы сомасы 290 мың теңге айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген шаралар аясында әскери ұйымдарда да тексерулер өткізіліп, 3 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Толығырақ ақпарат: https://youtu.be/_8ghpGoSp3k?si=Q50eOIKRihHOCoVl