КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

0
12
Шымкент қаласындағы Н.Назарбаев және Бәйдібек би даңғылының қиылысында оң жақ өткел ашылған болатын. Кептелістің алдын алу және көлік өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында осы қиылыста жол қозғалысының сызбасы мен жол белгілері өзгергенін назарларыңызға ұсынамыз.
Нақты айтқанда, Н.Назарбаев даңғылынан Байдібек би даңғылына бұрылу үшін қозғалысты алдын ала жоспарлап, оң жақ өткел арқылы бұрылу қажет.
Жол қозғалысының қатысушыларын жаңа жол белгілері мен сызбаны қатаң сақтауға, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a reply