«Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» атты жиын өтті

0
19
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы ретте бүгін Түркістандағы «Достық үйінде» «Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер қатысты.
Жиын барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттері айтылды. Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі бөлімі

Leave a reply