Келес ауданында түйе шаруашылығы дамып келеді

0
46
Бүгінде Келес ауданында төрт түліктің төресі — түйе басы көбейіп келеді. Қазір келестіктер ойсылқара төлін еселеп қана қоймай, тұқымын асылдандыруға көшкен. Солардың бірі — Мархабай Есіркепов. Ол 2022 жылы мемлекеттен 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, түйе сатып алған. Бүгінде шаруадағы түйе саны 40-қа жеткен. Кәсіпкер түйе сүтін сатумен айналысып отыр.
“Біздің жұрт шұбаттың емдік қасиетін ежелден білген. Баяғының адамдары бауыр, өкпе ауру­ларын, асқазан мен ішек жолдарына жел байланып, ас қорыту нашарлағанда шұбатпен емдеген. Бүгінде атакәсіп өнімнің бірі – шұбаттың құнарын арттырып, жаңа деңгейге көтеру жобасымен шұғылданып жүрмін. Алдағы уақытта жобамды іске асырып, ауыл халқын жұмыспен қамту жоспарымда бар”, – дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, Келес ауданы негізінен аграрлы өңір болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы дамыған. Аудандағы жалпы жердің аумағы – 345 129 гектарды құраса, оның 206 396 гектары жайылым жер. Статистикалық мәліметке сай, ауданда жалпы 424 942 бас мал бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a reply