Қауіпсіз жаз – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі

0
23

15 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Серік Әуесхан Досболұлы 2025 жылғы жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғаудағы басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта қала әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспары барлық жауапты мекемелерге орындау үшін жолданды.
Брифингте айтылған деректерге сәйкес, «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы бейнероликтер дайындалып, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен LED экрандар арқылы көрсетілу үшін Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына жолданған. Сонымен қатар тұрғындарға 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жіберіліп отырады.
Балалар арасында шомылу маусымында болатын қауіптердің алдын алу мақсатында оларды суда жүзуге тегін үйрету үшін бассейндермен жасалған меморандумдарға өзгерістер енгізілуде. Аптаның нақты күндері мен уақыттары белгіленіп, оқытылатын балалар тізімі алдын ала дайындалады.
Жыл басынан бері 2 ресми брифинг өткізіліп, 12 телеарналық сұхбат ұйымдастырылды, 10 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде 18 материал таратылды. Сонымен қатар 2405 ақпараттық парақша, жадынама және буклет тұрғындар арасында таратылды.
Шомылу маусымына қатысты барлық мәселелер мамыр айында өтетін Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында және қала әкімінің аппараттық кеңесінде қаралады. Қыркүйек айының соңына дейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, судағы қауіпсіздік талаптарын орындау – сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың негізгі кепілі.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/aaq69KxCUsw?si=nGSA6UCDktSlxV-1
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Leave a reply