Шымкентте 22 жастағы ана үшем дүниеге әкелді

0
33
Шымкент қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада биылғы алғашқы үшем дүниеге келді. Бүгін дәрігерлер сәбилер мен анасын салтанатты түрде перзентханадан шығарып салды.
22 жастағы шымкенттік тұрғын Жамиля 2 ұл мен 1 қызды өмірге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм. Дәрігерлер жас ананы кесарь тілігі арқылы босандырды. Қазіргі уақытта мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелердің жағдайы тұрақты. Бұл – батыр ананың тұңғыш перзенттері.
Жансақтау бөлімінің мамандары шала туған сәбилерге ерекше күтім жасады.
Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген. Оның 14 837-сі ұл, 14 099-ы қыз бала.

Leave a reply