ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ МЕН АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары– Тажибаев Марат Абдимажидұлыт өмендегідей мәлімдеме жасады. 2025 жыл Әл-Фараби ауданы үшін инфрақұрылымды жаңғырту, аулаларды абаттандыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған кезең болды. Аудан әкімі аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалу қорытындылары осыны айқын көрсетеді. 2026 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының саны 262 526 адамға жетті. Аудан аумағында 17 шағынаудан және 1 елді мекен орналасқан. Бүгінде ауданда 931 көппәтерлі және 16 663 жеке тұрғын үй, 390 көше мен 257 әлеуметтік нысан бар. Инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 100 пайызды құрайды. Тұрғындар ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен толық қамтамасыз етілген. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге бағытталған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2025 жылы 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылды. Үнемделген қаражат есебінен қосымша 5 аулада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Әл-Фараби» КММ тарапынан 261 ауладағы балалар ойын алаңшалары мен 65 ауладағы спорт алаңшалары ретке келтірілді. Демеушілердің қолдауымен 3 ашық спорт алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аудан аумағында 113 спорт алаңшасы жұмыс бар. 2026 жылы 19 ауланы абаттандыру жоспарланған. Сондай-ақ 2026–2027 жылдары 41 ауланы жаңарту көзделіп отыр. Жыл басынан бері жоба аясында 64 өтінім түсіп, оның 59-ы балалар ойын алаңшасын, 5-еуі спорт алаңшасын орнатуға қатысты болды. Жарықтандыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. 2025 жылы 133 көшеге жарықшам бағаналары орнатылып, жоспар толық орындалды. Бұдан бөлек, 112 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласы жарықтандырылды. 2026 жылы 36 тұйық көшеге жарық бағаналарын орнату және 480 аулаға 1 634 жарықшам қою жоспарланып отыр. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2025 жылы 113 көшеде асфальт төсеу және жаңарту жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көшенің басым бөлігіне бүгінде асфальт жамылғысы төселген. 2026 жылы тағы 41 көшені жаңарту ұсынысы жолданды. Сонымен қатар, 182 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына 2 600 тонна асфальт төселіп, аула жолдарының сапасы жақсарды. Нәтижесінде су жиналу мәселесі шешімін тапты. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 2025 жылы 19 көшеге жалпы ұзындығы 12 шақырым аяқжол салынды. Аудан әкімі аппараты тарапынан қосымша 17 мекенжайда 3 шақырым аяқжол салынды. Келесі жылы тағы 41 көшеге аяқжол салу жоспарлануда. Су бұру және ирригация жүйелерін дамыту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілді. 2025 жылы 17 көшеге ирригациялық арық жүйелері орнатылып, 19 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында арықтар салынды. 2026 жылы 25 көшеге арық жүйесін салу ұсынылды. Жалпы, 2025 жылы Әл-Фараби ауданында инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды. Бұл көрсеткіштер ауданның тұрақты дамуын және халықтың өмір сүру сапасының артуын айқын дәлелдейді. Әл-Фараби ауданы аумағында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй қорын жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді кеңейту және қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстар ауданның келбетін жаңартып, жайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға негіз болуда. Өткен жылы аудандағы 21 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылды. Қасбеттік жарықтандыру түнгі уақытта ауданның сәулеттік келбетін айшықтап қана қоймай, қауіпсіздік деңгейін де арттырды. Сонымен қатар, 11 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне мурал салу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Атап айтсақ, Ә. Жангелдин, Қабанбай батыр, Тәуке хан, А. Байтұрсынов, Ш. Қалдаяқов, А. Асқаров көшелері мен Теріскей шағынауданындағы ғимараттардың қабырғаларына салынған көркем бейнелер ауданға жаңа эстетикалық сипат берді. 2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Аудан аумағында 5 саябақ пен 23 гүлзар бар. 2025 жылы демеушілер есебінен 5 жаңа гүлзар салынып, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасалды. Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы маңында, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ғимаратының алдында және бірқатар көшелер бойында абаттандырылған аумақтар пайдалануға берілді. Сонымен бірге, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» жобасы аясында тағы 2 гүлзардың құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2026 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланған. Тұрғын үй қорын жаңғырту және реновациялау бағдарламасы аясында 20 көпқабатты тұрғын үй қамтылды. Қазіргі таңда 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 7 үйде жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Реновация жобасы бойынша 4 мекенжайда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2029 жылға дейін 28 апатты және тозығы жеткен үй бұзылып, 235 меншік иесін жаңа баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Сауда нысандарын ретке келтіру бағытында да нақты қадамдар жасалды. «Орталық Қырғы» базарын жаңғырту жұмыстарының 95 пайызы аяқталды: ішкі әрлеу, шатыр орнату және жаңа павильондар салу жұмыстары жүргізілді. Қалған бөлігі ақпан айының соңына дейін аяқталады. Ал «Көктем» базарындағы сауда орындары толық демонтаждалып, кәсіпкерлер «Көктем 88» сауда үйіне көшірілді. Қауіпсіздік мәселесі де басты назарда болды. 2025 жылы 290 мекенжайға бейнебақылау камералары орнатылып, қосымша 28 нүктеге «Сергек» жүйесі енгізілді. Бұл қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді. Тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 41 сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараларға 8 мыңнан астам адам мен 190 техника жұмылдырылып, 504 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 13 негізгі көшеге 275 қоқыс жәшігін орнату жұмыстары жүргізілді. 2026 жылы тағы 10 көшеге 300 қоқыс жәшігін орнату жоспарлануда. Жалпы алғанда, 2025 жылы Әл-Фараби ауданында инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй қорын жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді дамыту және қауіпсіздікті күшейту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атқарылған жұмыстар ауданның сәулеттік келбетін жаңартып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға берік негіз қалады. Бұл туралы бүгін, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары– Тажибаев Марат Абдимажидұлы мәлімдеді










