«SMART SHYMKENT 2025»: АЗАМАТТАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

0
13

Шымкент қаласында «SMART SHYMKENT 2025» бастамасы аясында қала инфрақұрылымын, қауіпсіздік деңгейін және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жобалар қала кеңістігін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және басқару процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама шеңберінде бірнеше негізгі бағыт қамтылған. Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы заңсыз қылмыстарды, өрттерді және қала тазалығын бақылау жұмысын күшейтуге бағытталған. Көппәтерлі үйлерге «Адалдық» есептегіштерін енгізу су, жылу, газ және электр энергиясын автоматтандырылған түрде есепке алуға жағдай жасайды. Қала ауасының сапасын бақылауға арналған экологиялық мониторинг жүйесі автоматтандырылған басқару жүйесімен интеграцияланып, нақты уақыт режимінде деректер жинауға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік саласында ұлттық бейнемониторинг жүйесі енгізіліп, қоғамдық тәртіпті бақылаудың бірыңғай тетігі қалыптасуда. Сонымен қатар медицина саласында жасанды интеллектке негізделген терапевт, пациенттерге автоматты қоңырау шалу жүйесі, CerebraAI, инсультті ерте анықтау технологиялары және ЖИ құралдарымен жабдықталған жедел жәрдем қызметі енгізілуде. Бұл жүйелер диагностика процесін жеделдетіп, медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

«Jardem 109» орталығы азаматтардың өтініштері мен шағымдарын жедел қабылдап, тиісті қызметтерге бағыттайтын бірыңғай байланыс алаңына айналуда. Сонымен қатар жол сапасын бақылау, жол жабындысының жағдайын өлшейтін ақылды құрылғылар, NAUR жүйесі, смарт бейнемедқолдар сияқты технологиялық шешімдер көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

GovTech «Agent Smith» платформасы хаттамалық тапсырмалар мен тұрғындар өтініштерін автоматтандыру арқылы мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруды көздейді. Әкімдік қызметтерін цифрландыру да осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы цифрлық шешімдер енгізілуде.

Leave a reply