Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

2025 жылдың 21 мамырынан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа өтінімдер қабылдау басталады. Бұл мемлекеттік қолдау түрі әлеуметтік осал топтардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған.
Гранттың мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті құрайды, бұл 1 572 800 теңге. Қайтарымсыз грант әр қатысушыға өмірінде бір рет беріледі.
Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады. Сондай-ақ интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар Мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтінім бере алады.
Грант алу үшін келесі талаптарға сәйкес болу қажет:
— Жұмыссыз ретінде тіркелуі немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс;
— Үміткер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адам; қандас мәртебесі бар тұлға; өңіраралық қоныс аударушы; атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшесі; көпбалалы отбасы мүшесі; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлға; асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушы;
— «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша соңғы 3 жылда алынған сертификаты болуы тиіс.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға алу мерзімі аяқталған жастарды тұрғын үймен одан әрі қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жасалған ынтымақтастық шеңберінде тұрғын үй басқармасы тарапынан 891 жастың ішінен 169-ына банкке жолдама берілді. Оның ішінде:
— 62 азамат төлем қабілеттілігін растады;
— 13 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді;
— 20 азаматқа бас тартылды.
Қосымша, бағдарлама талаптарына сәйкес, меншік иелігінде тұрғын үйі бар 26 азамат анықталды. Олардың ішінде 14 азаматпен жалдау шарты бұзылып, пәтерлер босатылды.
Алдағы уақытта жалдау мерзімі аяқталған қатысушыларға шарттың қолданылу мерзімінің аяқталғаны жөнінде ресми хабарламалар жолданатын болады. Хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді босату қажет екендігі туралы ескертіледі.
Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=Pji6NmOnLdo
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ