ТҰРАН: 2025 ЖЫЛЫ 118 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛЫНДЫ

0
25

Шымкент қаласының Тұран ауданында тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылым жұмысы атқарылуда. Атап айтқанда 2024 жылы аудан бойынша 39 көшеге жаңа аяқжолдар салынды.

Ал биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, аудан аумағында жалпы ұзындығы 62,3 шақырымды құрайтын 118 көшеге жаңа аяқжол салынды. Тиісті жұмыс жыл соңына дейін кезең-кезеңімен жалғасады.

Бұл аудан инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға үлес қосады.

Leave a reply