ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАРДЫҢ БІРІ – «KAZ-TRAVERTIN» ЗАУЫТЫ

«Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан «Kaz-Travertin» зауыты – өңірдің құрылыс индустриясын жаңа деңгейге көтерген заманауи өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорын табиғи травертиннен қаптама материалдары, архитектуралық-құрылыс элементтері, сондай-ақ мемориалдық бұйымдар дайындаумен айналысады.
Бұл өндіріс орны табиғи тас өнімдерін шығаруға маманданған өңірдегі жетекші кәсіпорын ретінде танылып үлгерді. Зауытта сапалы әрі экологиялық таза шикізат пайдаланылып, әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілген. Соның арқасында түрлі өлшемдегі, күрделілігі жоғары бұйымдарды үлкен дәлдікпен және жоғары сапамен шығару мүмкіндігі бар.
«Kaz-Travertin» өнімдері:
құрылыс нысандарын қаптау мен әрлеу жұмыстарында,
интерьер және экстерьер дизайнында,
ландшафтық безендіруде кеңінен қолданылады.
Травертиннің табиғи текстурасы мен беріктігі оны тек эстетикалық тұрғыдан ғана емес, ұзақ мерзімділігімен де ерекшелендіріп, тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие етеді.
Бүгінде «Kaz-Travertin» зауыты Шымкенттің өндірістік әлеуетін арттырып, жергілікті нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақ экономикасының дамуына да өз үлесін қосып келеді.










