ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ТӨРТІНШІ ІРІКТЕУІ: ҚАДАМ-ҚАДАММЕН ІЛГЕРІЛЕУ

0
21

2025 жылы өтетін Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу алты кезеңнен тұрады және маусым мен қазан айлары аралығында жүзеге асырылады. Іріктеу толығымен ашық, әділ және цифрлық жүйеге негізделген.

Бірінші кезеңде – 1 маусымнан бастап бір ай бойы кандидаттардың құжаттары арнайы онлайн ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.
Екінші кезеңде – 2–3 және 9–10 тамыз күндері үміткерлер мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бойынша екі түрлі тестілеуден өтеді. Сандық тестілеуге тек ең жоғары балл жинаған 50 пайыз кандидат жіберіледі. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша 600 кандидат келесі кезеңге өтеді.
Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу. Ол 16–17 тамыз күндері онлайн форматта өтеді. Кандидаттар нақты салалық мәселелерге қатысты эссе жазу арқылы өз ойлау қабілетін, мәселеге деген көзқарасын және оны шешу жолдарын ұсынады. Үздік нәтиже көрсеткен 300 үміткер келесі кезеңге өтеді.
Төртінші кезең – құзыреттерді бағалау. Бұл кезең екі бөліктен тұрады: 22–28 тамыз аралығында ассессмент-орталық форматында үміткерлердің көшбасшылық, талдау және шешім қабылдау, сендіру, проактивтілік қабілеттері бағаланады. Одан кейін, 23–28 қыркүйек аралығында кәсіби HR мамандары қатысатын сұхбат кезеңі өтеді. Қорытындысында 150 кандидат бесінші кезеңге өтеді.
Бесінші кезеңде – 8–15 қазан аралығында сарапшылық комиссия үміткерлермен әңгімелесу жүргізіп, олардың ішкі уәждемесін, біліктілігін жан-жақты саралайды. Ұлттық комиссия қарауына 100-ге дейін кандидат ұсынылады.
Алтыншы кезең – Ұлттық комиссияның отырысы. Ол қазан айының 25-іне дейін өткізіліп, нәтижесінде Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданатын болады.
Бұл жүйелі және әділ іріктеу жастар үшін ел ісіне араласудың нақты жолын көрсетеді. Агенттік бұл үдерісті қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікпен жүргізіп келеді. Президенттік жастар кадр резерві – жастардың кәсіби дамуына ғана емес, еліміздің болашағына да салынған сенімді инвестиция.
Мемлекеттік қызметке адал, білімді және ел мүддесін бәрінен биік қоятын жастарды осы іріктеуге белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/4F5OgW68PGU?si=tR0fgA_rTkDflnWW
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Leave a reply