Шымкент: микроклиматты жақсарту бағытында маңызды жобалар іске асырылуда

Шымкентте жасыл желек аумақтарын ұлғайтып, микроклиматты қалыптастыру арқылы тұрғындардың демалуына жайлы орта құруда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстары мен алдағы даму жоспары туралы баспасөз жиынында баяндады.
Жалпы еліміздегі ең көп саябақтар осы Шымкент қаласында орналасқан.
А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында Ташкент қаласының ботаникалық бағымен ағаш бұта тұқымдарын алмастыру мақсатында көшет түрлері 214-тен 251-ге дейін ұлғайды. Ал ағаш-бұта тұқым түрлерін өсіретін болсақ, дендросаябақтың гендік қоры 383 түрге жеткізіледі.
Сондай-ақ, 2025 жылы 132 ағаш-бұта тұқым түрлерін өсіру жоспарда бар. Осылайша Дендрологиялық саябақтың гендік қоры 383 түрге жеткізіледі. Жоспар — 560 ағаш-бұта тұқым түрлерге жеткізу. Саябақта 74 мыңнан астам ағаш бар.
Қала орталығындағы ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген жылдар бойы бұл жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі микроклиматқа кері әсерін тигізген еді.
Осы орайда, Қаратау ауданы, «БМК» (Бадам магистралды каналы) каналынан 250 л/сек ағын су алынып, «Шымкент» каналы арқылы «Жаңа шек» каналымен Аймауытов, Ақпан батыр, Қазыбек би, Дулати, Толстой, Иляев, Адырбеков, Тауке хан, Желтоқсан, Бейбітшілік, Колхозная, Асқаров, Темірлан тас жолы көшелерінің жиегі арқылы су жіберілді.
Биыл Шымкент каналы (20 км) арқылы су жіберу жоспарлануда. Нәтижесінде, (11, 12, 15, 3, кіші Самал мөлтек аудандары, Қазыбек би, Дулати, Байтұрсынұлы, Рысқұлов, Момышұлы көшелері мен Темірлан тас жолы жиегінде су ағатын болады.
Бұл шаралар Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға, микроклиматты қалыптастыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=WxGcQhA8q20
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ