Қаланың инженерлік инфрақұрылымына инвестициялар және қызметкерлердің жалақысын арттыру шаралары

0
27
Қаланың инженерлік инфрақұрылымының тозу деңгейі үш тәуекел аймағына бөлінеді: қызыл аймақ — тозу деңгейі 65%-дан жоғары, сары аймақ — тозу деңгейі 55%-65%, және жасыл аймақ — тозу деңгейі 55%-дан төмен. 2023-2024 жылдар аралығында қызыл аймақтағы кәсіпорындарға инвестициялар тартуға басымдық беріліп, бұл шаралар қала инфрақұрылымының жаңаруын қамтамасыз етуге бағытталды.
2024 жылы жылумен жабдықтау саласына 216,29 млн теңге инвестицияланды. Бұл салада Энергоорталық АҚ қызметкерлерінің жалақысы 37,3%-ға (142,58 мыңнан 227,55 мың теңгеге дейін) артты, ал Қуатжылуорталық МКК қызметкерлерінің жалақысы 13,5%-ға (232,82 мыңнан 269,29 мың теңгеге дейін) өсті. Бұл шаралар жұмыскерлердің материалдық жағдайын жақсартуға және саланың тиімділігін арттыруға ықпал етті.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 2024 жылы сумен жабдықтау саласына 5,31 млрд теңге, су бұру саласына 360 млн теңге инвестиция бөлінді. Бұл салаларда да қызметкерлердің жалақысы өсті: Су ресурстары-Маркетинг ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 18,54%-ға (167 мыңнан 205 мың теңгеге дейін) артты, Су құбыры және канализация басқармасы МКК қызметкерлерінің жалақысы 11,8%-ға көтерілді. Инвестициялар мен жалақының өсуі қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Leave a reply