ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
23

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева Мансап орталығы мен Еңбек мобильділігі орталығының 2025 жылдың 9-29 шілде аралығындағы жұмысын қорытындылады.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен бағыт – субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 4081 адам болған. Бұл – еңбек нарығын жандандыру бағытында оң өзгерістердің бар екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, 20 күнде басқа да көрсеткіштерге тоқталсақ:

— Жастар практикасы бойынша 238 адамға өсім тіркеліп, 644 адамнан 882 адамға жетті;
— Алғашқы жұмыс орны бағдарламасы бойынша 62 адамға артып, 204 адам қамтылды;
— «Күміс жас» жобасы аясында 38 адамға өсіп, 416 адам жұмысқа орналасты;
— Тұрақты жұмыс орындарына орналасқан азаматтар саны 6222 адамнан 6656 адамға жетіп, 434 адамға артты.

Алайда, кейбір аудандарда көрсеткіштер төмен деңгейде қалып отыр. Басқарма басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, аудандар арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету және инвестициялық жобалармен жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Жанат Өтебаева орталықтың жұмысын әрі қарай тиімді үйлестіру мақсатында электронды келісімшарттар мен міндетті зейнетақы жарналарының орындалуын қадағалауды тапсырды.

Leave a reply