ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

0
39

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары – Касымова Жанар Сатыбалдықызы мәлімдеді.
Әлеуметтік салада енгізіліп жатқан скорингтік модель бүгінде Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында сынақтан өтуде. Бірыңғай цифрлық платформа арқылы білім беру, тұрғын үй, спорт және әлеуметтік қорғау саласындағы 11 мемлекеттік қызмет осы жүйеге көшірілді. Оның ішінде жатақхана беру, тегін тамақтандыру, лагерьге жолдама бөлу, жалға алу төлемін субсидиялау, тұрғын үй көмегін тағайындау сияқты маңызды қолдаулар бар. Жүйе мұқтаж отбасыларға SMS-хабарлама жіберіп, көмекке қол жеткізуді жеңілдетеді.
Скорингтік модель республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақыларға әсер етпейді. 41 түрлі төлем бұрынғыдай сақталады. Жаңа тәсіл тек жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін қосымша көмекті әділ бөлуге бағытталған. Бұл ретте әл-ауқаты жоғары, бірнеше үйі мен көлігі бар азаматтар қолдау тізіміне енбейді. Ал шынымен мұқтаждар бюджет қаражатын тиімді әрі дер кезінде пайдалана алады.
Жүйе халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған және әлеуметтік саланы цифрландыру саясатының бір бөлігі саналады. Барлық деректер «Электрондық үкімет» жүйесінің қорғалған контурында сақталып, азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады. Бұл азаматтардың құқығы мен дербес мәліметтерін қорғауға кепілдік береді. Қолданысқа енген жаңа тәсіл әлеуметтік саясаттағы маңызды бетбұрысқа айналып, қоғамда әділдік пен сенім атмосферасын қалыптастыруға ықпал етпек.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/clEHYLhDqg8?si=ylOwvHsO3ad4bTx7
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Leave a reply