АБЗАЛ ЗЕЙНЕТАЕВ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
29

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті және Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев ауыр атлетика жаттықтырушы-бапкерлерімен арнайы кездесу өткізді.

Жиын барысында Мұрат Жолдыхожаев жаңадан федерацияның Шымкент қаласы бойынша филиалының вице-президенті болып тағайындалған Абзал Зейнетаевты және жақында тағайындалған филиал директоры Игорь Пчелинцевты ресми таныстырып, куәліктерін табыс етті.

 

 

«Қос азаматты жаңа қызметтерімен құттықтаймын. Бұл — федерацияның жұмысын жандандыруға жасалған қадам деп санаймын», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Өз кезегінде тағайындалған азаматтар көрсетілген сенім үшін алғыстарын білдіріп, федерацияның дамуына үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Кездесу барысында федерацияның бүгінге дейін атқарған жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Әсіресе, спортшыларды қолдау және олардың жетістіктерін арттыру бағытындағы шараларды күшейту қажеттігіне баса назар аударылды.

Leave a reply