Отанға қызмет ету – қасиетті борыш!

0
3

Біздің халықта «Отан қорғаушы» сөзі ғасырлар бойы терең мағына мен қасиетті түсінікке ие. Отан қорғаушылар әрқашан патриотизм мен халқына адал қызмет етудің, ар мен намыс, батылдық пен ерліктің символы болды, өйткені жер бетінде өз еліне, халқына қызмет етуден жоғары миссия жоқ.
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығының жақындауы еліміз, оның тарихы және Отанына адал қызмет еткендер үшін мақтаныш сезімін қайтадан оятады. Бұл күн – біздің жеріміздің қорғаушыларының батылдығы мен табандылығын білдіретін мереке ғана емес, сондай-ақ бейбіт аспан үшін өмірлерін қиғандарды еске алуға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
1945 жылдың 9 мамырында халқымыз фашизмді жеңді, және бұл күн миллиондардың жүрегінде мәңгілікке қалады. Біз еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған батырлардың рухын ұлықтаймыз және олардың ерліктері бізді Отанымызға қызмет етуге шабыттандыратындығына мақтанамыз. Ұлы Отан соғысының ардагерлері – ерлік пен рух күшінің тірі бейнесі, және біз жас ұрпаққа олардың мұрасын сақтауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, соның ішінде біздің 6506 әскери бөліміміз, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оның мүдделерін қорғауда белсенді қатысады. Біз қызметіміздің тек әскери тапсырмаларды орындау ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпке қосқан үлесіміз екенін түсінеміз. Біздердің әрқайсымыз, лауазымына қарамастан, Отанымызды және оның азаматтарын қорғауға ортақ іске үлес қосамыз.
Мемлекеттік мерекелер – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында, погон таққан, Отан қорғау – жүрек таңдауы, кәсібі болған азаматтарды шын жүректен мерекемен құттықтаймын. Бүгін қазіргі заманғы Отан қорғаушыларына патриотизм мен батылдықтың үлгісі болып табылатын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімнің командирі, полковник Марат РАХПАНОВ

Leave a reply