Шымкентте алғаш рет тіліксіз, отасыз омыртқа жарығына (грыжаға) операция жасалды!

Бұрын мұндай диагноз қойылған науқастарға ашық нейрохирургиялық операция жасалатын. Емделу, жазылу кезеңі ұзаққа созылатын.
Енді Шымкент қалалық №2 ауруханасында заманауи радиожиілікті абляция әдісімен омыртқа жарықтарын ешқандай тіліксіз, отасыз емдеу мүмкін болды. Бұл әдіс жүйке талшықтарына әсер етіп, ауырсынуды туғызатын жүйкелерді күйдіру арқылы жүзеге асады.
Артықшылықтары:
* Тілік пен тігіс жоқ
* Қалпына келу кезеңі қысқа
* Науқас 1-2 күнде үйіне шығады
* Экономикалық жағынан тиімді
Бұл жоғары технологиялық отаны алғаш болып нейрохирург Сансызбаев Айбол Батырханұлы сәтті орындады.
Бұл — өңіріміздегі медицина жетістігінің жарқын үлгісі!