ЖҰМЫССЫЗДАРҒА МҮМКІНДІК: 770 ТҰРҒЫНДЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖОСПАРЛАНУДА

0
104

Биыл Шымкент қаласында 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып отыр. Бастама ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында 610 азамат білім беру ұйымдарында оқыса, тағы 160-ы жұмыс берушілердің базасында даярлықтан өтеді. Оқу барысында тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді:
білім беру ұйымдарында – 43 574 теңге,
жұмыс орындарында – 78 640 теңге.

Қазіргі нарықта сұранысқа ие келесідей мамандықтарға машықтануға мүмкіндік бар. Олар — стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші.

Жаңа кәсіп меңгергісі келетіндер тіркелген аудандық мансап орталығына барып, “жұмыссыз” мәртебесін алуы қажет. Осы мәртебеге ие болған азаматтар оқуға өтінім тапсыра алады.

Leave a reply