ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

0
20

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2026 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық және оның өту барысы талқыланды.

Мәліметке сәйкес, қала аумағындағы орман қорын қорғау үшін өрт сөндіру станциясы, бақылау мұнарасы мен бекеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ өртке қарсы техникалар мен арнайы жабдықтар толық дайындыққа келтірілген. Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында 586 шақырым минералды жолақтар жыртылып, мамандарға арнайы оқыту жүргізілген.

Бұдан бөлек, мамыр айында республикалық «Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл пысықталды.

Мамандар өрт ошақтарын ерте анықтау, қараусыз аумақтар мен рұқсатсыз қоқыс орындарын азайту мәселелері әлі де өзекті екенін атап өтті. Қазіргі таңда табиғи өрттердің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/3KQ2YFFLd10?si=-096_kxyDioZzTXw

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Leave a reply