ШЫМКЕНТ: БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ 15,5%-ҒА ӨСКЕН

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 1 338,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өскен. Көтерме сауда көлемі 2 884,1 млрд теңгеге жетіп, 31,4%-ға артты.
Қаланың жалпы сауда көлемі 4 231,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға ұлғайған. Сауда көлемінің өсуі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бекіткен Жол картасына сәйкес жүзеге асқан. Атап айтқанда, «Авто-Нұр», «Орталық қырғы» базары, «Назым апа» және «Жабық базары» сияқты 4 базар жаңғыртылып, көтерме саудада 450 кәсіпкерлік нысандардағы жоғары сатылым нәтижесінде көрсеткішке қол жеткізілген.
Шымкент қаласында сауда саласын дамыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп, қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар жалғасын табуда.
#Шымкент #Жылқорытындысы2025 #Бөлшексауда








