
Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Онда үш мәселе қаралды. Біріншісі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2026 жылғы 5 қаңтар күнгі «Turkistan» газетінде жарияланған «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» атты сұхбаты бойынша пікір білдіру. Екіншісі қалалық Ардагерлер кеңесінің 2025 жылы атқарған жұмыстарына есеп беру. Үшіншісі алдағы кезеңде атқарылар жұмыстардың жоспары.
Пленумға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, күн тәртібіндегі бірнеше мәселе бойынша баяндама жасады.
Пленум жұмысын қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев жүргізіп отырды.










