ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ОРНЫНА ЭКОСАЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
21

Қасым-Жомарт Тоқаев ірі қалалар мен облыс орталықтарының маңайында экопарктер құрудың маңыздылығын атап өтті.

Президент бұл іс — стратегиялық сипатқа ие міндет екенін, оны жылдам, сапалы және артық талқылаусыз шешу керегін, сонымен қатар табиғатты сақтауды және тазалықты қатаң сақтау қажеттігін айтты.

Шымкент бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Қалада жасыл аймақтарды дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы экологиялық орта қалыптастыру жобалары іске асырылуда.

Айта кетерлігі, қоқыс полигонының орнына жаңа экосаябақ бой көтеруде.
Бұл аумақта жасыл аймақтар, амфитеатр, жасанды су қоймасы мен спорт алаңдары салынып, жаяу жүргіншілер жолдары ұйымдастырылуда.

Leave a reply