Қала күніне арналған «Той думан» фестивалі: Қаржыландыру мен қоғамдық пікір

19 маусым — Шымкентте Қала күніне арналған мерекелік шара – «Той думан» фестивалі өтеді. «Астана» алаңында сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін жалғасатын шараға 80-ге жуық отандық өнер жұлдызы қатысады. Бұл концертті ұйымдастыру «Той думан» телерадиокорпорациясына жүктелген. Ал, шараның сахнасы, жарық, дыбыс, қауіпсіздік құралдары мен турникеттермен қамтамасыз етуді қала әкімдігі жүзеге асырады.
Аталған шара бойынша бұған дейін әлеуметтік желіде бірқатар ақпараттар тараған болатын. Әнші Мөлдір Әуелбекова өз парақшасында концертке қатысуға шақырғанмен, еңбекақы төленбейтінін айтып, қарсылық білдірді. Ол: «Көрермен әншіге келеді. Неге әншінің еңбекақысын төлемейсіздер?!» – деп жазған. Дегенмен, қала әкімдігі концертті қауіпсіз әрі сапалы өткізу және бойынша техникалық жабдықтау мәселесіне ғана жуапты, ал қалған ұйымдастыру шаралары мен өнерпаздардың гонорары сынды тұстары «Той думан» телерадиокорпорациясының құзырында.-деді С.Құранбек.
Толығырақ:https://www.youtube.com/live/rRVnAv1a21c?si=4ojtdD5lwyU2h_5P
РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ