Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды

0
7

 

 Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

Жиынға қатысушылар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның, Қашаған кен орны мен Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыттарының, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы сияқты стратегиялық жобалардың ағымдағы мәртебесі туралы баяндады.

Кеңес барысында тиісті тапсырмалар берілді.

Leave a reply