
Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.
➤ Негізгі көрсеткіштер:

көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен;

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаны құрады (өсім – 62%);

12 мың шақырым жол жөнделді;

Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды.
➤ Авиация және әуежайлар:

Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды;

отандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%);

әуежайларда 29,7 млн адамға қызмет көрсетілген (14% артқан);

биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр;

Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.
➤ Теміржол секторы:

21 млн жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%);

125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады;

5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Президент:

қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы:

Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді;

Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді;

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды;

ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді;

көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:

көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.