Мешіттерде және қоғамдық тамақтану орындарында «Ауызашар» өткізу кезіндегі талаптар

«Рамазан» айы кезінде көпшілік қоғамдық орындар мен мешіттерде ауызашарлар күнделікті ұйымдастырылады. Осы аталған жиындарды өткізу барысында көпшілік ескере бермейтін қауіпсіздік шараларын білу өте маңызды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы баяндады.
Қоғамдық орындар мен мешіттерде:
— ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға араналған раковиналар қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталуын;
— желдету және ауа баптау жүйелерінің көзделуін;
— қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;
— үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбауын;
— тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың қажетті құжаттары болуын және жарамдылық мерзімі сақталынуын;
— азық-түлік шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін бөлшектеу мүкәммалдары (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалануын;
— жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асыруын;
— тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлердің болуы және олардың таза ұсталуы;
— персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтау жағдайының болуы;
— медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуын;
— терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмеу керектігін ұсына келе, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталынбаған жағдайда халық арасында улану, өткір ішек жұқпалы аурулар жағдайларының тіркелінуіне себепкер болады.