Шымкент қаласындағы ономастика және тіл саясаты: 2024-2025 жылдардағы негізгі бастамалар

0
28
Шымкент қаласының көшелеріне жүргізілген талдау нәтижесінде 3513 көшенің атауы жоқ (283 көше), ал 84 көшенің атауы қайталанатыны анықталды. Осыған байланысты, 2024 жылы 385 көше мен құрамдас бөліктерге жаңа атаулар беріліп, қайта атау жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімдігінің №5658 қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының №22/191-VIII бірлескен шешімімен бекітілді. Жаңадан атау берілген көшелер geo-shym порталына және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Алдағы 2025 жылы 65 идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауын өзгерту және 2 аллеяға жаңа атау беру жоспарланып отыр.
2024 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 98%-ға жетті. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша:
• Қазақ тілін меңгергендер – 98%
• Орыс тілін меңгергендер – 87,8%
• Ағылшын тілін меңгергендер – 24,4%
Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 1302 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша курстардан өтті.
2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін 91,5%-ға арттыру жоспарланған.
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві 2024 жылы 6177 сақтау бірлігін қабылдап, 604 502 парақты цифрлы форматқа көшірді. Архивтік құжаттарды цифрландыру жоспары 100%-ға орындалды.
Қаланың мәдени өмірі қарқынды дамуда. «Бабалар аманаты», «Қошқар ата сейілі» секілді дәстүрлі шаралармен қатар, ағаш қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі мен халықаралық суретшілер симпозиумы ұйымдастырылатын болады.
2025 жылы Шымкент опера және балет театрының сахнасында алғаш рет Шарль Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсы қойылады. Сонымен қатар, қаланың түрлі театрларында 31 жаңа премьера көрерменге жол тартпақ.
Мәдени инфрақұрылымды дамыту
Алдағы үш жылда:
• 19 жаңа мәдениет нысанының құрылысы,
• 9 нысанның күрделі жөндеуі,
• 2 нысанның қайта құрылуы,
• 1 нысанның қалпына келтірілуі жоспарланған.
2025 жылы 5 мәдениет үйі салынады (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандарында), сондай-ақ Ерлік музейі мен Қазығұрт мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіледі.

Leave a reply