Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады

0
15

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті.

– Біз «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек, – деді Президент.

➤ Памела Харристің айтуынша, Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу әлемдік тәжірибедегі анағұрлым тиімді шешімдердің бірі.

➤ Кездесуде сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.

t.me/aqorda_resmi

Leave a reply