Қазақстанда ауылшаруашылық дрондары жиналатын болады

0
32

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін пайдалану мен кеңейтудің тиімділігі қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша АШМ-ге 2025 жылдың ақпан айының соңына дейін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді іріктеуді немесе әзірлеуді, сервистік орталықтар құруды, негізінен ауыл жастарынан ҰҰА-мен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды ескере отырып, ауыл шаруашылығында агродрондарды дамыту және енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Leave a reply